Ақтау әкімдігінің алдында ер адам өзін-өзі өртеп жіберген (ВИДЕО)
Полиция мен әкімдік қызметкерлерінің күшімен жану жедел түрде сөндіріліп жедел жәрдем шақырылған.
Ақтаудағы облыстық әкімдік ғимаратының жанында ар адам өзін-өзі өртеген, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұған байланысты Маңғыстау облысының әкімдігі түсініктеме берді.
Осыған дейін БАҚ Ақтаулық тұрғынның облыстық әкімдікке келіп, шенеуніктермен сөйлескеннен кейін өзін-өзі өртеп жібергенін хабарлаған болатын. Бейне кадрларға қарағанда, ер адам өз ойын ұрсып жеткізгеннен кейін бөлмеден шығып, көшеде өзін өртеп жіберген.
Маңғыстау облысының әкімдігінде 5 желтоқсанда ер адам мемлекеттік мекемеге келіп, әкіммен кездесуді талап еткені айтылды.
«Әкімдік қызметкерлері оған облыс әкімінің жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау кестесі бойынша бекітілген азаматтарды қабылдау күніне келуін сұрап, жүргізілмейтінін түсіндірді. Ер адамды Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қабылдады. Қанағаттанбаған азамат Е. өзін жанғыш қоспамен құйып, өртеп жіберді. Полиция мен әкімдік қызметкерлерінің күшімен жану жедел түрде сөндірілді, жедел жәрдем шақырылды, ол келгенге дейін зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы ауыр.
Маңғыстау облысының полиция департаменті «суицидке жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән - жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.