2 жасар сәбиді ұрлап кеткен бала күтушісі ұсталды

2 жасар сәбиді ұрлап кеткен бала күтушісі ұсталды

2 жасар сәбиді ұрлап кеткен бала күтушісі ұсталды
ашық дереккөзі
248
Екі жасар сәбиді ұрлап, Теміртаудан Астанаға алып кеткен бала күтушісі ұсталды. Бұл туралы Ақмола облыстық  ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады. 
  Сәбидің ұрланғаны жайлы Теміртаудың 22 жастағы тұрғыны хабарлаған. Ол екі жасар сәбиді бала күтуші әйелдің ұрлап кеткенін айтқан. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабының 2-бөлігі бойынша ("Адамды ұрлау") қылмыстық іс қозғалды. Облыстық ІІД өкілдерінің жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті Астанада ұсталды. Күдікті сәбиді жақсы көргендіктен және сәбидің оны "мама" деп айтқаны үшін ана болып көргісі келгенін айтқан. Сондай-ақ, ұсталған әйел біраз уақыт өткен соң сәбиді анасына қайтармақ болғанын айтып берді. "Қарағанды облысының полицейлері тұрғындарға балаларын қарауға бөтен адамдарды шақырған кезде абай болуға кеңес береді", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.  

Серіктес жаңалықтары