Жыл басынан бері Астанада 300 келіден астам есірткі заттары тәркіленді

Жыл басынан бері Астанада 300 келіден астам есірткі заттары тәркіленді
377

Астанада жыл басынан бері қалада 400-ден астам есірткі қылмысы тіркелді. Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада уәкілетті органдар әкімдікпен бірлесіп, әсіресе жастар арасында есірткі қылмысына қарсы белсенді күрес жүргізіп келеді.

2024 жылдың 11 айында Астанада 407 есірткі қылмысы тіркелген, соның ішінде 285 өткізу фактісі, сондай-ақ есірткінің синтетикалық түрлерімен байланысты 621 есірткі құқық бұзушылық анықталды.

Заңсыз айналымнан 339 келі есірткі заттары, соның ішінде 20,8 келі «синтетика» тәркіленді.

«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған республикалық кешенді жоспары және мемлекеттік органдар мен жұртшылық барынша тартылған «Астана – есірткісіз қала 2023-2025 жылдарға арналған» бағдарламасы іске асырылуда. Оның аясында уәкілетті органдармен нашақорлықтың алдын алуға және есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды анықтауға бағытталған бірқатар іс-шара жүргізілуде», – деді Ә.Қибатқызы.

Мемлекеттік органдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп құқық қорғау органдары 500-ге жуық іс-шара, соның ішінде акциялар, семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, кездесулер, спорттық турнирлер, конкурстар өткізді.

Серіктес жаңалықтары