Пошта арқылы сәлемдеме жеткізу тәртібіне өзгеріс енгізіледі
Цифрлық технологиялардың арқасында тиісті PIN-код немесе QR болған кезде үшінші тұлғалардың поштаны қабылдап алуға мүмкіндік берілмек.
Мәжіліс "Пошта туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарады.
Депутат Екатерина Смышляеваның сЦифрлық технологиялардың арқасында тиісті PIN-код немесе QR болған кезде үшінші тұлғалардың поштаны қабылдап алу мүмкіндігін береді.өзінше, тиісті заң жобасына мәжілісмендер бастамашылық еткен.
Пошта операторларының қызметі ел үшін үлкен стратегиялық маңызы бар. Сондықтан бүгінде пошта саласы трансформациядан өтіп жатыр. Алайда қазіргі кезде қағаз хаттарды, мерзімді басылымдарды жеткізу қызметтері азайып келеді. Осы жағдайда пошта байланысының логистикалық инфрақұрылымын жоғалтпау және дамудың оңтайлы жолдарын табу маңызды, – деді Мәжіліс депутаты.
Заң жобасымен бірқатар өзгерістер енгізіледі:
- Жеткізу тәртібі өзгереді. Цифрлық технологиялардың арқасында тиісті PIN-код немесе QR болған кезде үшінші тұлғалардың поштаны қабылдап алу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар бұл тауарды маркетплейстерден пошта бөлімшесіне және үйге жеткізуді жеңілдетеді.
- Жобада сәлемдемелерді қабылдау үшін поштаматтарды орналастыру және пайдалану тәртібі көзделеді. Бұл норма оларды кондоминиум нысандарында орналастыру үшін қажет.
- Талап етілмеген кейбір әмбебап қызметтер алынып тасталады. Мысалы, пошта карталарын немесе бандерольдерді жіберу.
- Талап етілмеген корреспонденцияны сақтау мерзімі қысқарады.
- Пошта инфрақұрылымы бойынша ескірген нормалар алынып тасталады.
Екатерина Смышляева бірқатар нормалар пошта байланысы нарығын дамытуға және осы саладағы реттеушінің өкілеттіктерін нақтылауға бағытталғанын айтты.