Мақпал Жүнісова Нұрқаділовке арналған ескерткіштің ашылуына неге бармағанын түсіндірді

Ашылу салтанатына бірқатар беделді тұлға мен марқұм саясаткердің балалары Құралай мен Қайрат Нұрқаділовтер қатысты.

Мақпал Жүнісова Нұрқаділовке арналған ескерткіштің ашылуына неге бармағанын түсіндірді
коллаж: Тurkystan.kz
2846

Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің құрметіне арналған ескерткіштің ашылу салтанатына неге қатыспағанын түсіндірді.

2 желтоқсан күні  Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанаты өтті. Оған қоса Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді.

Шараға бірқатар беделді тұлға мен марқұм саясаткердің балалары Құралай мен Қайрат Нұрқаділовтер қатысты. Алайда бұл күні көпшілік арасында Мақпал Жүнісова бой көрсетпеді. 

Желі қолданушылары аталған жағдайға байланысты өнер иесін сұрақтың астына алды.

«Мені қарғап, көргісі келмеген Зәкеңнің ұрпақтары болсын деп шештім. Кейін Мерей екеуміз барып, тағзым жасаймыз. Зәкеңнің рухына тегін концертті бағыштаймын деп отырмын», – деп жауап берді әнші.

Серіктес жаңалықтары