Алматыда лифт басып қалған жұмысшы қаза тапты

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Алматыда лифт басып қалған жұмысшы қаза тапты
istockphoto.com
Автор
Админ
132

Алматыдағы жеке меншік қоймалардың бірінде 21 жастағы жұмысшы қаза тапты. Оны жүк лифтісі басып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 2 желтоқсанда Түрксіб ауданында болған. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшысы лифт басып қалған. Ол оқиға орнында көз жұмған.

«Түрксіб ауданының Полиция басқармасы еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Адам өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары