Шетелдік алаяқтар Жетісу тұрғындарынан 100 млн теңге алған

Жетісу облысында халықаралық алаяқтар тобы анықталды.

Шетелдік алаяқтар Жетісу тұрғындарынан 100 млн теңге алған
istockphoto.com
Автор
Админ
274

4 адамнан тұратын топ, шетелдік азаматтармен бірлесе отырып, Жетісу облысының жүзден астам тұрғынын алдаған, олар 100 миллион теңгеден астам шығынға ұшыраған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қылмыстық ниеттеріне қол жеткізу үшін олар әртүрлі алдау схемалары мен заманауи технологияларды, яғни қашықтан қол жеткізу қолданбаларын (AnyDesk, Kenguru, Teamviewer) және т.б. пайдалан.

Топтың өзінің «Қолма-қол ақша шешу орталығы» бар, ол дропперлерді пайдаланып, қаражатты криптовалютаға аударып отырған.

Олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде 35 ұялы телефон, 3 жүйелік блок, 3 ноутбук, 2 пневматикалық тапанша және қымбат нөмірлері бар 3 люкс көлік тәркіленді.

Топтың 4 мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыс жасағаны үшін күдіктілер мүлкін тәркілей отырып, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін.

 Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарға алаяқтықтың құрбаны болмауды, басқа тұлғаларға жеке деректерді немесе банк шотының мәліметтерін беруден бас тартуы керектігін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары