Доллар бағамы 536 теңгеге жетті

Ұлттық банктің бір доллар үшін бекіткен бүгінгі ресми бағамы 511,22 теңге.

Доллар бағамы 536 теңгеге жетті
istockphoto.com
Автор
Админ
182

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 524,58 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz мәліметінше Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 526,66 теңгеден, ал Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 535,83 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, бүгін экономика министрі теңге бағасының әлсіреуіне сыртқы негізгі үш фактор: доллардың жаһандық нығаюы, мұнай бағасының арзандауы және рубльдің әлсірегені әсер еткенін айтқан болатын.

 

 

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары