Ресейдегі наразылық акциясына 20 мыңға жуық адам қатысты

Ресейдегі наразылық акциясына 20 мыңға жуық адам қатысты

Ресейдегі наразылық акциясына 20 мыңға жуық адам қатысты
ашық дереккөзі
Кеше Ресейдің ондаған қаласында сыбайласқан жемқорлыққа қарсы наразылық акциялары өтті. Оған мыңдаған адам қатысты. Митингтер ресми билік рұқсат етпеген қалаларда да өтті деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 
Мәскеудегі наразылық акциясы серуендеу форматында өтті. Мәліметтерге қарағанда, митингке сегіз мыңнан 20 мыңға дейін адам қатысқан. Полиция белсенділерге қарсы күш қолданды, жүздеген адам ұсталды. Ресей астанасында ұсталғандардың арасында оппозиционер Алексей Навальный бар. Оны 27 наурызда өтетін сот тыңдауына дейін қамауға алды. Полицияға Сыбайласқан жемқорлықпен күрес қорының қызметкерлері де жеткізілді. Олар митингтерден тікелей таратылым жүргізген еді. Ұйым кеңсесінде тінту жасалған. Полиция Петербург, Тула, Краснодар, Нижний Новгород, Оңтүстік Сахалинск, Тамбов, Самара, Хабаровск, Екатеринбург, Липецк және тағы бірнеше қалада митингтерге кедергі жасауға талпынды. Навальный өзінің жақтастарын сыбайласқан жемқорлыққа қарсы митингтерге шығуға шақырған. Оппозициялық саясаткердің пікірінше, жемқорлыққа ресейлік үкімет басшысы Дмитрий Медведевтің де қатысы бар. Премьер-министрдің өзі бұл айыптауларға қатысты пікір білдірген жоқ.