Бірнеше республикалық тас жолда қозғалыс шектелді
Жолдардың ашылуы шамамен 2024 жылғы 2 желтоқсанда сағат 08:00-де жоспарланып отыр
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысында қозғалысқа шектеу енгізілді.
Хабарламаға сәйкес, 2024 жылғы 1 желтоқсан сағат 18:00-ден бастап Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты Екатеринбург – Алматы автожолының 1505-1610 шақырым аралығында (Новостройка ауылы – Ақсу-Аюлы ауылы) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Сағат 19:00-ден бастап Қызылорда – Павлодар автожолының 788-906 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасы – Топар ауылы) және Қызылорда – Павлодар автожолының 970-1135 шақырым аралығында (Қарағанды – Павлодар облысының шекарасы) қозғалысқа шектеу енгізілді.
Тағы бір учаске – Қарағанды – Аягөз – Боғаз автожолының 17-217 шақырымы, Қарағанды – Қарқаралы учаскесі.
Сонымен қатар сағат 19:00-ден бастап Улытау облысында Қызылорда – Павлодар автожолының 756-788 шақырымынжа (Жаңаарқа – Қарағанды облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Павлодар облысында Қызылорда – Павлодар автожолының 1135-1206 шақырым аралығында (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті ауылы) қозғалысқа шектеу енгізілді.
Жолдардың ашылуы шамамен 2024 жылғы 2 желтоқсанда сағат 08:00-де жоспарланып отыр.