Мексиканың Мерида қаласында жасөспірімдер арасында өткен бірінші санаттағы ITF J500 турнирі мәресіне жетіп, қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жеңімпаз атанды.
Ол ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сында жеңімпаз болды.
Қазақстандық-ресейлік дуэт финалда жарыстың 1-ракеткалары, чехиялық Петр Брунлик – ұлыбританиялық Чарли Робертсонды – 6:4, 6:1 есебімен жеңді.