Қыстың бірінші күні елімізде ауа райы қандай болады
1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет синоптиктері бүгін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы тұрақсыз болатынын хабарлады.
Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Астана қ.: 1 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы қ.: 1 желтоқсанда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: 1 желтоқсанда түнде және таңертең кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 01 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.