Тікелей эфирде жұртты балағаттаған адам қамауға алынды

Сот қаулысы заңды күшіне енді

Тікелей эфирде жұртты балағаттаған адам қамауға алынды
istockphoto.com
309

Алматы қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында телебағдарламаның тікелей эфирі кезінде бейәдеп сөз айтқан ер адамға қатысты іс қаралды.

Сотта қазан айында Ш.-ның телеарна ғимаратында тікелей эфир барысында қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, әдепсіз сөздер айтқаны анықталды.

"Сотта Ш. өз кінәсін мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растап, арандатушылыққа ұшырап, эмоцияға беріліп кеткенін мәлімдеді. Сот қаулысымен Ш. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке қамауға алу түріндегі (немесе 20 АЕК көлемінде айыппұл) әкімшілік жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары