Алматыдағы автобус апаты: Продюсер Анель Сартаева 2,5 жылға сотталды

Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Алматыдағы автобус апаты: Продюсер Анель Сартаева 2,5 жылға сотталды
коллаж: Тurkystan.kz
459

Алматыда адам өліміне әкеп соққан автобус апатына кінәлі «5:32» сериалының продюсері - жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша 28 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот Анель Сартаеваваны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, 26 маусымда Алматыдағы Мақатаев көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында болған жол-көлік апатынан кейін 16 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тақан болатын. Кейін 25 адам зардап шеккені айтылды. Апат болған жерде автобусқа соқтығысқан Kia Sportage автокөлігін 28 жастағы Анель Сартаева басқарған.

Ол Salem social media компаниясында «5:32», «Эскорт», «1286» сияқты танымал қазақстандық сериалдарға продюсерлік еткен. Жауапкердің адвокаты Қанат Әлсейітов желідегі парақшасында қамауға алмау туралы жеке шағым түсіргенін, сот оны қанағаттандырғанын мәлімдеді. Сөйтіп Анель Сартаева үйқамаққа жіберілген.

Серіктес жаңалықтары