Павлодар облысында жыл басынан бері 1192 адам алаяқтардың құрбаны болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алаяқтар ақпараттық технологияларды қолданған.
«Алаяқтық тәсілдері әртүрлі. Бірақ бәрінің мақсаты бір – өзгенің ақшасын иемденіп, жеңіл жолмен пайдаға кенелу. Мұндай қылмыстардың басым бөлігі заманауи байланыс құралдары мен интернет арқылы жасалады. Бейтаныс адамдардың қоңырауына сенбеңіздер. Күмәнді хабарламалар мен жарнамаға алданбаңыздар», - деді полиция.