Алматыда жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

Атап айтқанда алимент өндіріп алуға байланысты 6 атқарушылық іс жүргізу жөнінде бұзушылықтар анықталды.

Алматыда жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды
istockphoto.com
169

Алматы қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушысы тарапынан әлеуметтік маңызды санаттағы істердің өндіріп алу бағыты бойынша бірқатар бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда алимент өндіріп алуға байланысты 6 атқарушылық іс жүргізу жөнінде бұзушылықтар анықталды. Сот орындаушысы іс жүргізулерді бір өңірден екінші өңірге негізсіз жолдай отырып, жасанды жолмен созбалаңдыққа салуға жол берген.

Сондай-ақ тыйым салуларды заңсыз алып тастау, берешектерді өндіріп алу бойынша шараларды уақтылы қабылдамау және уәкілетті органдардың талаптарын елемеу жағдайлары анықталды.

Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Алматы қалалық сотының қаулысымен жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары