Елордада алғаш рет сәбилерге бауыр ауыстыру отасы жасалды
Астанада алғаш рет бір жасқа дейінгі салмағы аз балаларға донорлық бауырды ауыстырып қондыру жүзеге асырылды.
Белгілі болғандай, "University Medical Center" КҚ трансплантолог дәрігерлері 8 және 12 айлық салмағы төмен екі кішкентай пациенттерге туысқан донорлардан бауырды ауыстырып қондыруды жүргізді.
Мұндай операциялардың ерекшелігі – өте ауыр тұрақсыз жағдайдағы бауырдың декомпенсацияланған жеткіліксіздігі.
Салмағы аз пациенттерге бауырды трансплантаттау Ұлттық балалар денсаулығы және даму орталығынан (Жапония) жетекші трансплантолог-хирург пен реаниматологты шақыра отырып, шеберлік сағаты аясында жүргізілді.
Шеберлік сағаты барысында "Қазақстан халқына" Қоғамдық Қорының қолдауымен 25-тен астам медицина маманы мен резидент оқытылды.
Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін өмірді сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі – донорлық ағзаларды трансплантаттау.
Республикалық трансплантаттауды үйлестіру орталығының мәліметінше, 2012 жылдан бастап ҚР-да 500-ден астам бауырдың трансплантаттауы, оның ішінде «University Medical Center» КҚ Ана мен бала орталығында балаларға 20 бауырды транспланатттау жүргізілген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық донорлық пен трансплантаттау обсерваториясының жұмыс деректеріне сәйкес жиілігі бойынша әлемде 2-ші орында бола отырып, дүние жүзінде жыл сайын 100 800 ауыстырып қондыру, оның ішінде 10 600 бауырды ауыстырып қондыру жүзеге асырылады.
Бауыр ауруы жыл сайын екі миллион өлімнің себебі және барлық өлімнің 4%-ының себебі болып саналады.