Еліміздегі 2 мектепке халықаралық мәртебе берілмек

Үкіметтің тиісті қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.

Еліміздегі 2 мектепке халықаралық мәртебе берілмек
Оқу-ағарту министрлігі
195

Еліміздегі 2 мектепке халықаралық мәртебе берілмек. Үкіметтің тиісті қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.

«Оқу-ағарту министрлігі комиссия отырысының шешімі негізінде «Школа 21 века» ЖШС мен «CA GARDEN SCHOOLS» ЖШС білім беру ұйымдарына «Кейбір білім беру ұйымдарына Халықаралық мектеп мәртебесін беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жоба «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және «Школа 21 века» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «CA GARDEN SCHOOLS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Халықаралық мектеп мәртебесін беруді көздейді», - деп атап өтеді Оқу-ағарту министрлігі.

Ведомство мәліметінше, аталған білім беру ұйымдары Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидаларында белгіленген Халықаралық мектеп мәртебесін беру критерийлеріне сәйкес келеді.

Серіктес жаңалықтары