Алматы облысында 7 жастағы баланы автобус басып кетті

Баланы мектеп оқушыларын таситын көлік басып кеткен.

Алматы облысында 7 жастағы баланы автобус басып кетті
Сурет ашық дереккөзден алынған
363

Алматы облысының Полиция департаменті оқиға «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің маңында болғанын растады, деп хабарлады turkystan.kz.

«27 қарашада Іргелі селосы “Асыл Арман” тұрғын үй кешенінің тұрағында JAC автобусының жүргізушісі артқа қарай жүріп келе жатып, 7 жасар баланы басып кеткен. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты», - делінген хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары