Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова жеке өміріне қатысты жаңалығын бөлісті

Әнші желі қолданушыларын елеңдетіп қойды.

Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова жеке өміріне қатысты жаңалығын бөлісті
сурет ашық дереккөзден алынды
588

Танымал әнші, блогер Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова жеке өміріне қатысты сыр шертті, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, өнер иесі актер Дәурен Айдарқұловпен шаңырақ көтеріп, екі баласымен ажырасып кеткен еді. 

“Ақ көйлек кию маған да бұйырды. Аллаға сансыз шүкір деп айтатын күнде алыс емес. Жақсы күн жақындап қалған сияқты, жақсыларым. Тәтті пікірлеріңіз болса, мархабат”, – деп жазды әнші. 

Одан кейін эстрада жұлдызы АҚШ еліне аттанып, өнерімен бағындыратынын айтты.

“Армандар орындалады! Жаратқанға тәуекел етіп, аманаттай отырып әрекет ете берсең, нәтижелер толассыз келе береді екен. Сол нәтиженің бірі, менің қуанышыма бұйырыпты. Америкаға жол ашылды. Қазақ елім, сіздерден сүйінші сұрайтын күндерімнің көп екенін білемін. Соның бірін бөлісіп жатырмын. Қыздарыңыз өнерімен әлемге жол салмақ”, – деді өнер иесі. 

Серіктес жаңалықтары