Семей қаласындағы оқу орындарының бірінен өрт шықты

ТЖМ қызметкерлері өрттің өршуіне жол берген жоқ.

Семей қаласындағы оқу орындарының бірінен өрт шықты
сурет ашық дереккөзден алынды
184

Семей қаласындағы Морозов көшесінде колледждердің бірінде бірінші қабатта өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Шақыру орнына жеткеннен кейін өрт сөндірушілер кабинетте жиһаз бен төбенің жана бастағанын анықтады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін барлық студенттер мен қызметкерлер өз бетінше далаға шықты. Құтқарушылардың шебер және жедел әрекеттерінің арқасында өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», – деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында 15 тонна шөп өртеніп кеткені туралы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары