Облыс прокуратурасынан бөлек бұл іске полиция қызметкерлері, әкімдік пен еріктілер жұмылдырылған, мобильді топ құрылған, turkustan.kz.
Бүгінгі таңда есірткі, психотроптық заттар менпрекурсорларды насихаттау бойынша ҚК 299-1-бабымен сотқа дейінгі 6 тергеп-тексеру басталды.
Сонымен қатар, облыс прокуратурасының қызметкерлері бір айдан аз уақыт ішінде облыста есірткі және психотроптық заттарды сату үшін пайдаланған 64 сайт пен «Telegram»-арналарын бұғаттады.
Абай облысының прокуратурасы тыйым салынған заттардың жарнамасын анықтаған жағдайда 102 арнасына хабарласу керектігін еске салады.