Есірткі таратуға қатысы бар деген күдікпен 53 жастағы астаналық ұсталды

Елордалық полицейлер жарты келіден астам гашиш тәркіледі.

Есірткі таратуға қатысы бар деген күдікпен 53 жастағы астаналық ұсталды
120

Қаланың шағын аудандарының бірінде Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын пайдалануға, сақтауға және таратуға қатысы бар деген күдікпен 53 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке тінту кезінде ішінде өсімдік тектес заты бар 22 полиэтилен пакеті тәркіленген.

«Кейін пәтерді тінту кезінде ас үйдегі бөлмеде шкафтың ішінен екі қорап темекі табылды, оның ішінен өсімдік тектес заты бар 10 дана полиэтилендік пакет шыққан. Содан кейін, тоңазытқышта мұздатқыш камерасының ішінде қағаз конверт табылды, ішінде өсімдік тектес зат салынған бір үлкен пластик пакет болды, сондай-ақ залда үстел астында ақ түсті электронды таразы табылды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, күдіктіден тәркіленген заттар салмағы жарты келіден асатын «гашиш» есірткі заты екені белгілі болды», – делінген хабарламада.

Ер адамның есірткіні Жамбыл облысынан тарату үшін әкелген. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Аталмыш қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары