«18 жасымда шықтым»: Жазира Байырбекова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
Өнер иесі 18 жасында тұрмысқа шығып, ауылда тұрғанын айтты.
Әнші Жазира Байырбекова «Мамский әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында отбасылық өмірінің алғашқы жылдары туралы естелігін бөлісті.
Өнер иесі 18 жасында тұрмысқа шығып, ауылда тұрғанын және ененің қатал тәрбиесінен өткенін мәлім етті.
«Ауылда жүрген кезде бәріне көніп жүрдім. Бәріміз жұмыссыз болдық. «Жанболат пен Жазира мал бақтыратын шығармыз» деді. Үлкендер не айтса солай болады. Мал бақтырамыз дегенде, қай ыдысты алып кетсем екен деп жүретін едім», - деп еске алды әнші сұқбатта.
Әншінің сөзінше, тұңғыш баласы Қазбектің кішкентай кезінде тіпті ойыншық сатып алуға қаражат болмаған.
«Қазбек мектепте оқып жүргенде айтатынмын: «біздің мал бағуымыз да мүмкін еді. Өзіміздің емес, жұрттың малын. Сен малшының баласы да болуың мүмкін едің. Сондықтан мұндай жерде тұрмас едім, деп айтуға болмайды» деймін. Менің кез келген жерде тұруым мүмкін еді. Адам ешқашан «олай етпес едім, мұндай тұрмас едім» деп айтуына болмайды... Алла Тағала бізді осы жолға әкеліп, бәрін реттеп, «сенің өмірің мынау деп көрсеткендей» болды. Қазір 45 жастан асқанда өмірдің бақытын, рахатын енді көріп бастаған сияқтымын», - дейді Жазира Байырбекова.