116
Павлодар облысында балаларды зорлады деген күдікпен 2 адам ұсталды
Кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
Павлодар облысында әпкесі мен інісін зорлады деген күдікпен екі адам ұсталды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлімдеді.
Павлодар облысының Білім басқармасы аймақта болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
«Колледжде оқитын кәмелетке толмаған студент қыз зорланған. Полиция істі тергеген кезде оның мектепте оқитын інісі де зорлық көргенін анықтаған», – делінген хабарламада.
Кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның анық-қанығы әзірге белгісіз, ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.