ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI және FATIMA QOLY коллекциялық монеталары айналымға шығады

Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI және FATIMA QOLY коллекциялық монеталары айналымға шығады
Автор
Админ
194

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясынан ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI және «Сиқырлы нышандар» сериясынан FATIMA QOLY коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы 2024 жылғы 25 қарашадан бастап, ал FATIMA QOLY  28 қарашада айналысқа шығады.

ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясын жалғастырады. Монета 2022 жылы есігін айқара ашқан Астана қаласының орталық мешітіне арналған. Бұл мешіт – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі мешіт. Монетаның дизайнында Астана қаласының орталық мешітінің айшықталған бейнесі және мұсылманша сәлемдесуді білдіретін араб тіліндегі жазу бар.

Монеталар 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 1000 (бір мың) дана.

FATIMA QOLY (Фатима қолы) монетасы – «Сиқырлы нышандар» сериясының алтыншы монетасы. Монетаның дизайнында әртүрлі елдің мәдениетінде белгілі ашық алақан түріндегі қорғаныш тұмарының өрнектеліп айшықталған бейнесі берілген.

Монеталар эмаль жағу және алтын жалату технологиясын қолдану арқылы 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – antique silver, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 3000 (үш мың) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Серіктес жаңалықтары