85 тонна артық жүк: Жамбыл облысында салмақ бақылау тәртібін бұзушыға айыппұл салынды

«М нефтьСервис» ЖШС-нің көлік құралдарын өлшеу барысында шамадан тыс тиелген жүк анықталды.

85 тонна артық жүк: Жамбыл облысында салмақ бақылау тәртібін бұзушыға айыппұл салынды
istockphoto.com
136

Көлік министрлігінің Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері ауыр салмақты жел генераторларының бөлшектерін тасымалдайтын «М нефтьСервис» ЖШС-нің көлік құралдарын өлшеу барысында шамадан тыс тиелген жүкті анықтады.

Өлшеу нәтижесі бойынша орта есеппен алғанда көлікке тиелген артық жүк мөлшері 85 тоннаны көрсетті. Осылайша, ел бюджетіне түсетін қосымша қаражат 26 млн 850 мың теңгені құрады.

 «ҰССО» АҚ геодезисті мен мамандары өлшеу рәсімінде қолданылған таразы жабдығы мен алаңға қойылатын талаптардың сәйкестігін растады. Ауыр жүкті өлшеу тасымалдаушы «М нефтьСервис» ЖШС директорының және Бас көлік прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылды.

Көліктік бақылау нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 22 хаттама толтырылды:

1) арнайы рұқсаттағы салмақ параметрлері 85 тоннаға асқаны;

2) жүргізушілердің еңбек және демалыс тәртібін бұзуы;

3) лауазымды адамдарға жұмыс барысында кедергі жасау;

4) халықаралық тасымалдауға рұқсат картасының болмауы.

Бұған дейін бұл тасымалдаушы өлшеу рәсімінен бас тартып, БАҚ арқылы шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат таратты.

Еске сала кетейік, көлік құралдарының салмағын дер кезінде өлшемеу жолдың мерзімінен бұрын тозуына әкеледі.

Көлік министрлігі ауыр жүк көліктеріне көліктік бақылауды күшейтеді. Барлық жүк тасымалдаушыларды көлік заңнамасының талаптарын қатаң сақтап, салмақтық және габариттік параметрлерді нормадан асырмауға шақырамыз.

Серіктес жаңалықтары