243
Қостанайдағы қоймалардың бірінен 126 мың қорап темекі табылды
Жиналған және алынған материалдар Қостанайдың Мемлекеттік кірістер басқармасына берілді.
Қостанайда полицейлер 50 миллион теңге болатын контрабандалық темекіні жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлады turkystan.kz.
Облыс орталығының қоймаларының бірінде полиция қызметкерлері 50 миллион теңгеден астам сомаға есепке алу-бақылау маркалары жоқ 126 мың қорап темекіні тауып, тәркілеген. Анықталғандай, қыркүйек айында жергілікті кәсіпкер бұл партияны кейіннен сатуды көздеп, белгісіздерден нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алған.
Қазіргі уақытта полицейлер жеткізу арнасын және заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар барлық адамдарды анықтау үшін одан әрі іс-шаралар жүргізуде.