348
«Қай көкелеріне сенеді?»: Белгілі адвокат Жанқош Тұраровқа шүйлікті
Жанқош Тұраровтың полиция бөліміне келмей жүргені белгілі болды.
Қорғаушы Ләззат Ахатова өз қорғауындағы Әнару Қалдыбектің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.
- Әнарудың ісін тергеу органы жанын салып, істі жан-жақты зерттеп жатыр. Тергеуші де, полиция бөлімінің басшысы да жаңадан тағайындалған. Алайда Жанқош Тұраров кімге сеніп жатқанын білмейміз, күнде қырық сылтау айтып, шақырғанға келмейді. Біресе адвокаты қалада емес, біресе өзі “қатты ауырып жатыр-мыс” Әйелі айтқандай, “аппақ” болса, келіп, өз уәждерін айтып, дәлелдерін ұсынбай ма? Осылар заңға пысқырмай, қай көкелеріне сенеді, өзі?!..Мәжбүрлі түрде алдырту туралы талап қойдық, – деп жазды Ләззат Ахатова әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, бүгін, яғни 20 қараша – Жанқош Тұраровтың туған күні.