Абай облысында алтын өндіру зауыты жұмысын бастады

Абай облысында алтын өндіру зауыты жұмысын бастады
Istockphoto
231

Абай облысының Көкпекті ауданында құны 1 млрд теңге құрайтын а алтын-күміс қорытпасын шығаратын жаңа кәсіпорын өндірістік пайдалануға берілді.

Жобаны «Altyn Samruk Qazaqstan» АҚ еншілес кәсіпорны, 2024 жылғы 15 қарашадағы №150-МЛ қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензияның иегері «Eastern Gold» ЖШС жүзеге асыруда.

Абай облысы әкімдігі «Eastern Gold» ЖШС директоры Гүлмира Қасылова кеніште тікелей жұмыс істейтінін және толық циклді операциялық қызметке қатысатынын атап өтті. Тауарлы өнім өндіру облыстық және республикалық бюджетке салық түсімдерін қамтамасыз етеді.

Зауыт жылына 200 000 тонна алтын рудасын өңдеу және 200 кг-ға дейін ДоРе қорытпасын өндіруге қауқарлы.

Кен жақын маңдағы «Родниковое» және «Белая Горка»кен орындарын өндіретін карьерлерден алынады. Бүгінгі таңда расталған ең аз қорлар көлемі зауыттың кем дегенде 8-10 жыл жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жеткілікті.

Жобаны жүзеге асыру Қазақстанда алтын рудаларын өндіру мен өңдеуді дамытуға, «Тау-Кен Алтын» ЖШС үшін ДоРе қорытпасын өндіруді дамытуға бағытталған.

 

Серіктес жаңалықтары