сәрсенбі, 9 сәуір, 2025

Қостанай облысының тұрғыны итке пышақ сұғып, азаптаған

/
Фото: freepik
Жануарларға қатыгездікпен қарау қылмыстық жауапкершілікке алып келеді

Қостанай облысында полиция итке пышақ сұққан ер адамды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлайды.

Рудныйда әйел адам иттің пышақ жарақатын алғанына куә болды. Ол жануарды қорғау үшін дереу полиция шақырған.

Полиция 41 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, мән-жайлар анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

Бөлісу: