Алматы облысында тұрақты 100 жұмыс орны ашылады

Пилоттық орман климаттық жобасы Алматы облысы Қапшағай көлінің маңында іске асырылады.

Алматы облысында тұрақты 100 жұмыс орны ашылады
Үкімет
142

Қапшағай маңындағы орман климаттық жобасына байланысты Алматы облысында тұрақты 100 жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Пилоттық орман климаттық жобасы Алматы облысы Қапшағай көлінің маңында іске асырылады.

«SAFS» ЖШС директоры өңір үшін жаңа жұмыс орындары мен қосымша табыс түріндегі болжанып отырған әлеуметтік-экономикалық тиімділік туралы айтып берді.

«Біз бүгін осындай экологиялық жобаларға инвестиция салатын халықаралық компаниямен келісімге қол қойдық. Алматы облысында Қапшағай көлінің маңындағы тозған жайылымдар орман экожүйесі болып қайта құрылады. Бұл экожүйе көмірқышқыл газын сіңіреді және 30 жыл ішінде біз көміртегі бірліктерін сатамыз әрі қосымша табыс табамыз. Сынақ режимінде 200 мың ағаш егілді, осы аумақта барлығы 3,3 млн жергілікті тұқымның көшеті отырғызылады. Біз тек сынақ екпелерін жүргізген кезде 30-ға жуық маусымдық жұмыс орындарын аштық. Алдағы үш жылда жергілікті тұрғындар арасында 100-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады», — деп атап өтті Юрий Ким.

Серіктес жаңалықтары