Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды

Ол біреудің мүлкін заңсыз иемденген.

Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды
istockphoto.com
Автор
Админ
129

Күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдап, сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге болатын арнайы техника мен көлікті 35 миллион теңгеге сатып,  ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған.

Қылмыс жасағаннан кейін қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.

Биыл шілде айында ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды.              

Қазақстан Республикасы  Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 

Серіктес жаңалықтары