283
Қостанайда балық аулауға шығып, жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды
Жеткіншектің денесін төтенше жағдайлар қызметі тауып, су бетіне шығарды
Қостанай облысының Қарабалық ауданында 13 жастағы жасөспірім өлі күйінде табылды, деп хабарлады өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.
"16 қарашада сағат 16:30 шамасында үйінен Тоғызақ өзеніне балық аулауға шығып кеткен 2011 жылы туған жасөспірімді іздеу жұмыстары басталды. Іздеу жұмыстарымен құтқарушылар, полицейлер, еріктілер айналысты. Іздестіру жұмыстарына жоғалған адамның туыстары, кинологиялық бригадалар мен жүзу құралдары жұмылдырылды, – делінген хабарламада.
Жеткіншектің денесін төтенше жағдайлар қызметі тауып, су бетіне шығарды.