Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары тағайындалды
Полковник Еркебұлан Хамидуллин II дәрежелі «Айбын орденінің иегері, 2005 жылдан бастап, осы қызметке тағайындалғанға дейін арнаулы мемлекеттік органдарда түрлі офицерлік лауазымдарда қызмет атқарған.
15 қарашада Президент аппаратының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен полковник Еркебұлан Қазбекұлы Хамидуллин Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz
Бүгін Бас қолбасшылықтың жеке құрамына жаңадан тағайындалған офицерді Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков таныстырды.
«Полковник Хамидуллин арнайы мемлекеттік органдарда елеулі қызмет мектебінен өткен тәжірибелі офицер. Оның кәсібилігіне, адалдығына және жоғары моральдық қасиеттерге ие екеніне күмән жоқ. Еркебұлан Қазбекұлы біздің әскерді тылдық қамтамасыз етуді дамытуға мол үлес қосатынына сенімдімін. Оны осы лауазымға тағайындалуымен құттықтаймын және жаңа қызметіне сәттілік тілеймін!», – деді генерал-майор Аңсаған Балтабеков.
Полковник Еркебұлан Хамидуллин II дәрежелі «Айбын орденінің иегері, 2005 жылдан бастап, осы қызметке тағайындалғанға дейін арнаулы мемлекеттік органдарда түрлі офицерлік лауазымдарда қызмет атқарған.