Шымкентің бас санитар дәрігері пара алғаны үшін сотталды

Бұл туралы Шымкент қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Қанат Сүлейменов мәлімдеді.

Шымкентің бас санитар дәрігері пара алғаны үшін сотталды
istockphoto.com
192

Шымкентте пара алмақ болған санитарлық қадағалау саласына жауапты басшылар сотталды. Бұл туралы Шымкент қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Қанат Сүлейменов мәлімдеді.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ә.Төлебаев 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сондай-ақ, басқа да айыпталушыларға мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 42 млн теңгеге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Атап айтар болсақ, департаменттің персоналды басқару қызметінің басшысы Г. Тұрсынбаеваға 21 млн теңге, Шымкент бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С. Махатоваға — 9 млн теңге және пара беруші С. Әшірбаеваға — 12 млн теңге айыппұл салынды.

«Олар осы департаменттің аудандық басқармасының жетекші маманы лауазымына жұмысқа орналастыру үшін 600 мың теңге сомасында пара алғаны, делдалдығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деп жазды Қанат Сүлейменов желідегі парақшасында.

Серіктес жаңалықтары