14 жастағы қазақстандық ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы атанды

Ол 9 ай ішінде ересектер арасында екі дүркін Қазақстанның абсолютті чемпионы болды.

14 жастағы қазақстандық ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы атанды
136

Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионатында екінші жарыс күнінің нәтижелері белгілі болды.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдер арасында екі, ерлер арасында бір салмақ дәрежесінде жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды.

Ерлер (61 кг):

1. Сергей Чуев (Жетісу облысы) - 264 кг (119+145),
2. Мақсат Қуантқан (Қызылорда) – 260 кг (118+142),
3. Азамат Төлеген (Қызылорда) – 255 кг (111+144).

Әйелдер (55 кг):

1. Юлия Трошкина (Ақмола) - 169 кг (78+91),
2. Регина Никифорова (Жетісу) – 149 кг (66+83),
3. Раушан Сүйінбек (Жамбыл) – 144 кг (67+77).

(59 кг):

1. Ксения Прозорова (Алматы облысы) – 190 кг (87+103),
2. Дарья Балабаюк (Қарағанды) – 174 кг (78+96),
3. Валерия Иванова (Жетісу – 170 кг (80+90).

Алматы облысының өкілі, 14 жасар Татьяна Прозорова мамандар мен жанкүйерлердің назарын өзіне аударды. Ол 9 ай ішінде ересектер арасында екі дүркін Қазақстанның абсолютті чемпионы болды.

«Менің жасым – 14-те. Ауыр атлетикамен айналысқаныма 4 жыл болды. Алматы облысында дүниеге келіп, осында өмір сүріп жатырмын. Ақпан айында Қостанайда ересектер арасында Қазақстан чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түстім. Онда жұлқа көтеруден 80 кг, серпе көтеруден 95 кг көрсеткішпен абсолютті жеңімпаз болдым. Бұл жолы бір салмақ жоғары көтерілсем де, маған тең келер ешкім болмады. Азамат Нұруллаев пен Әмір Абатовтың қол астында жаттығудамын. Нәтижеге режим мен тәртіпті, тамақтану мен жаттығу үрдісін сақтау есебінен жетудемін. Бізде бәрі уақытпен. Қазіргі кезде жасөспірімдер олимпиадасына дайындалудамын. Ең басты мақсатым – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғау», - дейді Татьяна Прозорова. 

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 19 қарашада аяқталады.

Серіктес жаңалықтары