Биыл жол апатынан 2 мың адам қайтыс болған

Жол апаты мен жарақат алғандар көрсеткіштерінің өсуі жол-көлік оқиғаларын есепке алу тәсілінің өзгеруімен байланысты.

Биыл жол апатынан 2 мың адам қайтыс болған
istockphoto.com
188

Барлығы 2 мың адам қаза тауып, 25 мыңнан астам адам жарақат алған. Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев хабарлады.

«Жол апаты мен жарақат алғандар көрсеткіштерінің өсуі жол-көлік оқиғаларын есепке алу тәсілінің өзгеруімен байланысты. Қазір денсаулыққа келтірілген зиянға қарамастан, жол апатынан кейін медициналық мекемеге жүгінген барлық адамдар есепке алынады», – деді спикер.

Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, жолда қаза тапқандар санының артуы апаттың негізгі үш түріне байланысты, олар: автокөліктердің бетпе-бет соқтығысуы; жаяу жүргіншілерді қағып кету; көліктердің аударылуы. Аталмыш себептермен қайтқандардың саны жалпы жол апатында мерт болғандардың 73%-ын құрайды.

«Апаттың осы үш түрінің негізгі себебі - жылдамдықты арттыру. Жылдамдық режимін бақылаудағы тиімді шешім – автоматты камераларды қолдану. Олардың саны бүгінде шамамен 25 мың. Оның ішінде, елордада – 6 мыңнан астам, Алматыда – 9 мыңнан астам және Шымкентте – 2 мыңға жуық бірлік. Камералар жалпы жол ережелерін бұзу фактілерінің 70%-ын анықтап отыр. Одан бөлек, статистика бойынша жол апатының 84%-ы елді мекендердің үлесінде», – деді спикер ОКҚ алаңында.

Серіктес жаңалықтары