159
Алматыда супермаркет бухгалтеріне шабуыл жасалды
Шабуыл жасалған сәт таспаға түсіп қалған.
Оқиға таңертең Алмалы ауданында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тұрғын үй ауласында белгісіз ер адам бухгалтер келіншекті тапаншамен қорқытып, ақша талап еткен. Бухгалтер оған 400 мың теңге берген.
Полиция 39 жастағы күдіктіні ұстады.
«Шабуыл жасаған адам бетін орамалмен бүркеп алған. Қылмыс жасағаннан кейін ізін суытқан. Алайда келіншек полицияға бірден хабар берген. Жедел-тергеу тобы құрылып, іздеу шаралары басталды. Түске қарай қала орталығында, Абылай хан даңғылында күдікті ұсталды. Ол қомақты қаражат иелену мақсатымен шабуылға мұқият дайындалғаны белгілі болды. Ол қамалды. Газ тапаншасы сараптамаға жіберілді», - деді Алматы қаласының Полиция департаменті басшысының орынбасары Қуатбек Науатов.