176
Ұлттық қордан тағы 2 триллион теңге алынады
2 триллион теңге долларға шаққанда 4 млрд доллардан асады.
Мәжіліс депутаттары 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет заң жобасын қарастырып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Депутат Татьяна Савельеваның айтуынша заң жобасы республикалық бюджеттің көрсеткіштеріне байланысты әзірленген.
«Ұлттық қордан мақсатты трансферт түрінде қосымша 2 триллион теңге алу жоспарланып отыр», - деді Савельева.
2 триллион теңге долларға шаққанда 4 млрд доллардан асады.
Республикалық бюджеттің биылғы тапшылығы 3,6 триллион теңге.