Текеліде етін жеу үшін итті өлтіргендер жазадан құтылып кетті

Олар иттің қожайынын соққыға жыққан.

Текеліде етін жеу үшін итті өлтіргендер жазадан құтылып кетті
istockphoto.com
Автор
Админ
249

Текеліде жергілікті тұрғынды соққыға жығып, итін өлтірген үш азамат сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қыркүйек айында олар ішімдік ішіп отырып, жолай таныстарын кездестіріп, өздеріне шақырған. Отырыс кезінде араларында жанжал туып, үшеуі жаңағы таныстарын ұрып, денсаулығына жеңіл зақым келтірген.

Алайда олар мұнымен тоқтамаған. Жәбірленушінің итін жуынатын бөлмеге кіргізіп, етін жеу үшін өлтірген. Бірақ осыдан кейін өздерін жайсыз сезініп, иттің етін жеуден айнып қалған.

Сотта жәбірленушінің өзі айыпталушылармен татуласқанын, олардың келген шығынды қайтарғанын айтып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрағаны белгілі болды.

«Сот жәбірленушінің сотталушы С пен П-ға қатысты өтінішін қанағаттандырып, қылмыстық іс қысқартылды. Сотталушы К-ға қатысты іс 2023 жылдың ақпан айында қысқартылған», - деді сотта.

Сотталушы К-ның бір жылға бас еркіндігі шектелген. Үкім заңды күшіне енген.

Серіктес жаңалықтары