Алматы қаласында инженерлік-технологиялық хаб ашылды
Хаб жұмысы тау-кен, инженерия, геология, ауыл-шаруашылығы, IT салаларын тереңдетуге бағытталады.
Алматыда алғаш рет инженерлік-технологиялық хаб ашылды. Хаб жұмысы тау-кен, инженерия, геология, ауыл-шаруашылығы, IT салаларын тереңдетуге бағытталады.
Бұл өндірісті ғылыммен ұштастыруға сеп. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді. Сала басшысы бүгін Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай арнайы ашылған орталықтардың бағыт-бағдарымен танысты.
«Қазір елімізде инженерия, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, машина жасау, материалдарды зерттеу салаларын дамытуымыз тиіс. Сондай-ақ отандық жоғары оқу орындарын үлкен академиялық хаб ретінде әлемге танытып, халықаралық зерттеуші алаңға айналдыруымыз керек» деген ұсыныс айтты.
«Инженерлік даярлау модельді пысықтап жатырмыз. Өкінішке орай инженерлерді соңғы жылдары дұрыс дайындамай келе жатырмыз. Өндіріспен байланыс әлсіздеп кетті. ЖОО зертханалары, құрал-жабдықтары тұрғысынан жағдай өте қиын. Сондықтан биыл Сәтбаев универсиететінде 20-ға жуық мықты зерханалар ашылды. Машина жасау, нонотехнология, химия, материалдарды зерттеу, оның үстіне мықты шетелдік серіктестіктерді әкелдік біз. Негізгі мақсат – өндірісті ғылыммен ұштастыру», – деді министр Саясат Нұрбек.