Руслан Есеналин Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен Руслан Бақытыұлы Есеналин Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Руслан Есеналин Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
Автор
Админ
206

Руслан Есеналин 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясының Мемлекеттік қызмет институтын, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт мектептерінде бокстан және кикбоксингтен жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеді. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясында Қазақстан Республикасы бойынша кикбоксингтен мемлекеттік жаттықтырушы болған.

2008-2012 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының орынбасары болып қызмет атқарды.

2012-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды.

2020-2024 жылдары «Құлагер» хоккей клубының директоры қызметін атқарды.

2024 жылғы 5 маусымнан бастап «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары