Атырауда анасы мен ұлы өртеніп кетті

Қайғылы жағдай Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылында болған.

Атырауда анасы мен ұлы өртеніп кетті
istockphoto.com
Автор
Админ
295

Түнде үйдің жанындағы қосалқы ғимараттан өрт шығып, соның салдарынан үйдің төбесі құлап түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сол себепті анасы мен ұлы шыға алмай қалған. Отбасының басқа мүшелері терезеден шығып үлгерген. Отағасы мен кішкентай немере қызы ауруханаға жеткізілген.

«06:30-да өрт толықтай сөндірілді. Өрт кезінде 66 жастағы анасы мен 35 жастағы ұлы қаза тапты. 58 жастағы отағасының екі қолы күйіп, 5 жастағы немере қызы түтіннен уланып, аудандық ауруханаға жатқызылды», - деді Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

 

Серіктес жаңалықтары