Мөлдір Әуелбекова шоу-бизнестегі «қара тізім» туралы айтып берді

Оның айтуынша, оны әр продюсер, ұйымдастырушы өзі жасайды.

Мөлдір Әуелбекова шоу-бизнестегі «қара тізім» туралы айтып берді
instagram
605

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова Дина Төлепбергенге берген сұхбатында өнерде «қара тізімді» кім, қалай жасайтыны туралы мәлім етті. 

Оның айтуынша, «қара тізім» тек саясатта ғана емес, шоу-бизнесте де болады. Оны әр продюсер, ұйымдастырушы өзі белгілейді.

«Менің орамалға келгеніме 4 жылдан асты. Осы шешімім үшін мені көп жерден алып тастайды. Кейде«Орамал үшін» деп бетіме тіке айтады. Орамалым үшін кей шараға шақырмайды. Кейбір сыйлас адамдар не үшін екенін айтпайды, бірақ мен өзім сеземін. Маған «қара тізімге» кіріп-шығудың аса маңызы қалмады», - дейді әнші.

Мөлдір Әуелбекова аталған себеппен түрлі жобалардан, қомақты гонорардан бас тартқанын айтты.

«Ғашық жүректен» кейін киноға түспедім. Бірінің гонорары, басқасының сценарийі ұнамады. Бірақ жақында беделді бір арнадан хабарласты. Сериал түсірейін деп жатыр екен. «Қалаған гонорарыңызды береміз, сізді кастингсіз бірден қабылдаймыз, тек орамалсыз, шашпен келсеңіз» деді. Мен бас тарттым», - деп сырын ақтарды әнші.

 

Серіктес жаңалықтары