329
Алматыда із-түссіз жоғалған азаматтың мәйіті табылды, төрт адам ұсталды
Алматы облысының полициясы қылмыстық іс қозғады.
![Алматыда із-түссіз жоғалған азаматтың мәйіті табылды, төрт адам ұсталды](https://turkystan.kz/cache/imagine/1200/uploads/resized-images/2024/11/1731310428.jpg)
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарасай ауданының Жібек ауылында тұратын 51 жастағы азаматтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Ол 2 қарашада үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы облысының полициясы 9 қарашада Алмалыбақ ауылының маңынан ер адамның денесі табылғанын хабарлады. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.
«Жедел-іздестіру шараларының барысында 9 қарашада Криминалды полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», - деді ведомство.
Алдын-ала дерек бойынша марқұм ломбардта бағалаушы болып жұмыс істеген.