10 жастағы қыз әпкесін «ыдысты жу» дегені үшін өлтірді

Оқиға орнында құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеп жатыр

10 жастағы қыз әпкесін «ыдысты жу» дегені үшін өлтірді
istockphoto.com
1252

Ресейдің Подольск қаласында 10 жастағы қыз әпкесін ыдыс жу дегені үшін өлтірді, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

«Подольскіде 10 жастағы қыз әпкесін «ыдысты жуа сал» деп өтініш жасағаны үшін өлтірді. Алдын ала мәлімет бойынша қыздар бір-бірімен жанжалдасып қалып, арты қайғылы аяқталды», – деді дереккөз агенттік тілшісіне.

Оның сөзінше, оқиға орнында құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ тергеушілер болған оқиғаның мән-жайын нақтылау үстінде.

Серіктес жаңалықтары