Qarmet шахтасынан 155 жұмысшы шұғыл түрде эвакуацияланды

Электр желісінен ақау шыққан.

Qarmet шахтасынан 155 жұмысшы шұғыл түрде эвакуацияланды
istockphoto.com
Автор
Админ
196

7 қараша күні кешкісін Qarmet-ке қарасты «Абай» кенішінен жұмысшылар шұғыл түрде көшірілген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шахтада электр энергиясының өшкені туралы ақпарат орталық диспетчерлік бөлімге 20:29-да түскен. «Қарағанды жарық» №9 трансформаторлық кәсіпорнында жарық тоқтағаны анықталды.

«Қызметкерлер дереу эвакуация жоспарын енгізіп, 155 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Кәсіпорынның барлық қызметі жедел жұмыс істеді», - делінген хабарламада.

Қазір электр энергиясы қалпына келтірілген.

Серіктес жаңалықтары