185
Ақтөбеде пәтерде қамалып қалған екі бүлдіршін құтқарылды
Екі бала ата-анасы көшеге шығып кеткенде есікті бекіткішке жауып, қайта аша алмай қалған.
Ақтөбеде жабық пәтерден екі кішкентай бала құтқарылды. Ата-анасы сыртқа шыққанда балалар есікті құлыптап, есікті аша алмай қалған.
Оқиға облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Екі бала ата-анасы көшеге шығып кеткенде есікті бекіткішке жауып, қайта аша алмай қалған.
Құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен терезенің торын босатып, сол арқылы пәтерге кірген. Пәтерге кірген тұста қорқып қалған сәбилердің жылаған дауыстары естілді. Сәбилер зардап шеккен жоқ. Медициналық көмекке де мұқтаж болмады.
Төтенше жағдайлар министрлігі балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.