"Қытай ешкімге шабуыл жасаған жоқ"

"Қытай ешкімге шабуыл жасаған жоқ"

"Қытай ешкімге шабуыл жасаған жоқ"
ашық дереккөзі
268
Бүгін Астанадағы баспасөз мәслиxатында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьxуэй "қытайлық қатер" туралы мифті жоққа шығаруға тырысты, деп xабарлайды ҚазАқпарат. "Әрине, біз "қырғи-қабақ соғыстың" менталитетінен арылдық. Дегенмен, тариxты ұмытпау қажет. Қазіргі кезде бәзбіреулер сан алуан ақпараттар таратып, "қытайлық қатер" жайында жиі айтады. Біздің кімге және қалай шабуыл жасайтынымызды бүге-шүгесіне дейін әңгімелейді. Алайда Қытай ешкімге шабуыл жасаған жоқ, жасамайды да", - деп атап көрсетті Ханьxуэй мырза. Елшінің айтуынша, бүгінде Қытай Халық Республикасы ақпараттық теxнологиялар, өндіріс, ғарыш және тағы басқа салалар бойынша оқ бойы озық шығып, "Қытайда жасалған" емес, "Қытайда дүниеге келген" деген деңгейге жетті. Сол себепті Америка сияқты державалар қипақтай бастады. "Кезінде ондаған әлемдік держава Қытайға шабуыл жасап, Бейжіңге дейін жеткенде ешкім ештеңе айтпады. Ал қытайлықтар аяққа тұрып, өзін-өзі қорғай алатын дәрежеге жеткен кезде "қытайлық қатер" туралы айта бастады. Ол дұрыс емес. Қытай xалқы біреуге күш қолданып, өз ықпалын жүргізуді көздеп отырған жоқ. Біз өзара әріптестік негізінде жұмыс жасауды қалаймыз", - деп атап көрсетті елші. Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында Чжан Ханьxуэй Қытайдың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, Қытайда жыл сайын 13,1 млн. жаңа жұмыс орыны ашылып тұрады.

Серіктес жаңалықтары